Мәдениет

«Музей түні» онлайн форматта өтті

Written by Aray2005

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-қорық музейінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Музей түні» акциясы пандемияға байланысты алғаш рет онлайн форматта өтті.

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай өткен шарада алдымен «Тарихи жәдігерлер сыр шертеді» тақырыбында онлайн-экскурсия ұйымдастырылып, онда ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды да бірегей жәдігерлер таныстырылды. Көрермендер археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қыш ыдыстарды тазалау, қайта қалпына келтіру бойынша арнайы рестовратор маманның жұмысына қанықты. Бағдарлама барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған «Ұлы тұлғалар – ұлт болмысы» атты айдар да көрермен көңілінен шықты. Арнайы костюм киген актерлер ұлы тұлғалардың өсиет сөздерінен диалог жасады.

Айжан ӨЗБЕКОВА

ПІКІР