Қоғам

Музейде ерекше сабақ өтті

Written by Aray2005

Тараз қаласыдағы облыстық тарихи-өлкетану музейлерінде 5, 6, 7-сынып оқушыларына танымдық сабақтар ұйымдастырылды.
37 мектептен 1800 оқушы Қазақстан тарихы, Қазақ тілі мен әдебиеті, География пәндерін мұражайларда, мәдени мекемелерде, тарихи ғимараттарда, яғни мектептен тыс жерлерде өткізді.
Аталмыш пәндердің 48 сабағы «Көне Тараз» — археологиялық мұражайы мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, 14 сабағы М.Әуезов атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов Д.Қонаев кітапханалары мен Баласағұн мәдениет үйінде, Бауыржантану орталығында өтті. Сонымен қатар 26 сабақ Қарахан, Айша бибі кесенелері, Жамбыл, Керей мен Жәнібек, Б.Момышұлы ескеркіштері, «Төрткөл» керуен сарайы сынды тарихи ғимараттарда өтсе, 5 сабақ қалалық метериологиялық орталықта, орталық саябақтарда және көрме залдарында ұйымдастырылды.
Игі жоба барысында жас буын өлке тарихын жақыннан тануға, тарихын, мәдениетін тереңінен білуге, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Ерекше форматтағы сабақтар оқушыларға туған жерінің табиғатын қадірлеу қасиетін дәріптеп,рухани құндылықтарын дамытуға септігін тигізеді.

ПІКІР