Мың тағзым саған, Отаным!

0 44

Көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурыз – ел тұрғындары үшін маңызы жоғары мереке. Бұл күні халықтар достығын нығайтатын, ізгілікке үндейтін Алғыс айту күнін атап өтеміз.

Алғыс айту күні – ол ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Айтулы дата бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Бұл күн аз ғана уақыттың ішінде игілігі мол дәстүрлі мерекеге айналып кетті. Біз ашаршылық, соғыс уақытын көрсе де мойымай, өмірлік ұстанымынан айырылмаған, шеттен келген жандарға көмек қолын созып, кейінгі ұрпаққа үлгі бола білген ата-бабаларымызға алғыс білдіреміз!

Гүлназ КӨЛБАЕВА,
облыстық тарихи-өлкетану музейі экскурсиялық және көпшілікке қызмет көрсету бөлімінің қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.