Нан сатып алуға тиым салынды

0 13

Алматы қаласында нан сатып алуға тиым салынды. Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша,  нан пісіретін «Ақсай» ЖШС алыпсатарлардан арылу үшін осындай қадамға барып отыр екен.  

     Серіктестік өкілдерінің сөзіне сүйенсек, алыпсатарлар кәсіпорыннан таңсәріден барлық нанды сатып алып кетіп, оның үстіне ақша қосып сатады екен. Сондықтан нан зауыты бір адамға 5 бөлкеден артық сатпай отыр.

Қала әкімдігі мен «Ақсай» нан зауыты» ЖШС арасындағы келісімшарт негізінде бір бөлке нанның бағасы 75 теңге болып бекітілген. Бұған дейін Ұлттық банк нан бағасы қымбаттайтынын айтқан.

Естеріңізде болса, былтыр Тараз қаласында да нан бағасына қатысты түйткіл туындаған еді. Ол кезде наубайханалар сырттан келетін ұн бағасының өсуіне байланысты нан да қымбаттағанын айтқан. Алайда жергілікті билік бұл мәселені дер кезінде шеше білді. Енді Тараз қаласы әкімдігіне алыпсатарлардың да адымын аңду керек сияқты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.