Наурыз айында қанша күн демаламыз?

0 19

 

Қазақстандықтар 2021 жылдың наурыз айында 12 күн демалады, – бұл туралы «AR-AY» сайты m.sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Наурызда қазақстандықтар екі мерекені қатар атап өтеді: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы.

Халықаралық әйелдер күні биыл дүйсенбіге түсіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.

Наурыз мейрамын тойлау кезінде ел тұрғындары бес күн – 20,21,22,23,24 наурызда демалады. Наурыз мейрамының алғашқы күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні сәрсенбі 24 наурызға ауыстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.