Назира Нұртазина: «Шығыс Қазақстан облысына Абайдың есімін беру керек»

0 16

Отандық ғалым Шығыс Қазақстан облысына Абайдың есімін беру керек деп есептейді. Сонымен қатар ғалымның пікірінше бізде облыс емес, уәлаят болу керектігін айтады. Мұндай пікірді тарих ғылымының докторы, Әл-Фараби университетінің профессоры Назира Нұртазина ұстанып отыр. Сонымен қатар шекара маңындағы облыстардың атын өзгерту керек деп санайды. Осы тұрғыдан алғанда ғалым Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында көтерілген мәселелерді қолдайтынын жеткізген. Мысал ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп атағанын құптап отыр. «Шығыс Қазақстан облысы сөзсіз Абайдың есімін алуға тиіс. Ұлы Абай бір үлкен облыстың және туған өлкесінің атауын алуға лайықты. Шығыс Қазақстанда туып-өскен азамат ретінде, тарихшы-ғалым ретінде ұсындай ұсыныс жасауға міндеттімін», – дейді Назира Нұртазина.
inbusiness.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.