Негізгі бағдарларды айқындайтын боламыз

0 0

Сембек Сейдәзімов, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы:

– Баршаға белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республика­сы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы қазақстандықтарға Үндеу жолдады. Мемлекет басшысы бұл науқанның маңыздылығы туралы нақты түсініктеме берді. Әрине, мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сайлауды қолдаймын. Бұл шешімді бүгінгі таңда маңызды әрі қажетті деп айтар едім. Маған Үндеудің ең ұнаған тұсы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау адалдығына кепілдік беремін дегені. Себебі әр нәрсеге айқындық керек. Бұл – Ел Президентінің конституциялық өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асырылып жатқан қоғамның үмітіне негізделген логикалық қадам.
Бүгінде Қазақстанның болашақ
тағ­дыры – әлем елдерінің де назарында. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуінде «Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы президенттік сайлау осыған дәлел болуы керек. Сондықтан елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек. Мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет», деген болатын.
Сайлау ішкі саяси тұрақтылықты нығай­та­ды. Осыған байланысты біз алдағы бес жылда елдің дамуындағы негізгі бағдарларды айқындайтын боламыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.