Несие тарихын жақсартудың жолы қандай?

0 5

Несие тарихы банк секторындағы аса нәзік мәселе санатына жатады. Оны мүлде жойып жіберу мүмкін емес. Бірақ жақсартуға болады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық несиелеу сегментін реттеу және халықтың борыштық жүктемесін тежеу туралы мәлімдемесінде осы мәселеге назар аударған.

Қандай жеңілдік жасалады?

Агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірах­мановтың айтуынша, егер мерзімі 90 күннен асқан несие өтелсе, онда қарыз алушы­ның мәртебесі «сауықтырылған» болып өзгереді. Алайда банк бәрібір клиентті тәуекелі аса жо­ға­ры деп бағалап, жаңа несие бермей қоюы мүмкін.

–  Сауықтырудың жаңа механизмі заем алушыға несие бюросы жүйесінде «сауықтырылған» мәр­те­бесін беруді қарастырады. Бұл мәртебе аза­мат­тардың банктер мен өзге де кредиторлар ал­дын­­дағы міндеттемесін адал атқаруын растап тұрады. Мәртебені алу үшін қандай да бір құжат талап етілмейді. Процедураны несие бюросы мер­зімі өткен қарыз төленгеннен соң 12 айдан кейін және осы кезең ішінде басқа да қарыз­дар­дың болмауы жағдайында жасалады, – дейді Н.Әбдірахманов.

Оның айтуынша, мерзімі өткен борыштың өсуіне жол бермеу үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бас­тап кепілсіз тұтынушылық қарыздар мен микр­о­кредиттер бойынша айыппұл мен комис­сия­­ларды есептеуге тыйым салатын шаралар қа­был­данған. Бұл мерзімі 90 күннен асқан қарызы бар азаматтарға қатысты.

– Былтырдан бастап реттеуші борыштық жүк­теменің коэффициентін белгіледі, оған сәй­кес, егер кредит бойынша төлемдер қарыз алушының ай сайынғы кірісінің 50 пайызынан асса, банктер мен микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларға тұтынушылық қарыздар беруіне тыйым салынады. Бұл ретте банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін кірістер мен мүлік туралы се­нім­ді мәліметтер негізінде бағалауы қажет бо­лады. Мұнымен қоса, банктер мен МҚҰ-ның тұ­тынушылық кредиттерді шамадан тыс беруіне жол бермеу үшін капитал резервін 150 пайыздан 300 пайызға, екі есе көбейту түрінде банктердің мен­шікті капиталының тұтынушылық кредиттерге жеткіліктілік коэффициенттері ұл­ғай­тыл­ды, – дейді агенттік өкілі.

Қазақстанда тұтынушылық қарыздар бо­­­­­­йынша мерзімі 90 күннен асып кеткен берешек деңгейі 6,9 пайызға дейін төмендеген. 2019 жылы ол көрсеткіш 8,6 пайыз болған. Н.Әбдірахмановтың сөзінше, ел арасындағы не­сиелендіру деңгейі негізінен ипотекалық қа­рыз­дар есебінен артып жатыр.

Несие тарихын қалай білсе болады?

Қазақстанда несие тарихын білудің бірнеше жолы бар. Egov.kz электронды үкімет порталы немесе алғашқы несие бюросы арқылы несие тарихыңызбен таныса аласыз.

Ең оңай әрі ыңғайлы жолы – электронды үкі­мет порталындағы «Салық және қаржы» бө­ліміне кіріп, тиісті өтінішті толтырып, ЭЦҚ кілтіңіз арқылы қол қойып, кейін жеке кабине­тіңіз­ден нәтижесін көру. «Кредит бюросы және Қа­зақстан Республикасындағы несие тар­и­хының қалыптасуы туралы» заңға сәйкес, кре­дит­тік бюро субъектінің несие тарихы туралы ақпаратты соңғы ақпарат алынған күннен бастап 10 жыл бойы сақтай алады.

NPL деңгейі

Ұлттық банк дерегі бойынша, ақпан айында мерзімі 90 күннен асып төленбеген несие көлемі азайған. Мерзімі өткен несие деңгейі 60 млрд-тан 26 млрд теңгеге төмендепті. Ақпанның қорытындысы бойынша NPL 6,92 пайызды құрап отыр. Мерзімі өткен несиелер (88,3 па­йыз) мен жұмыс істемей тұрған несиелер (NPL – 86,3 пайыз) бойынша банктер арасындағы ең жоғары көрсеткіш Capital Bank еншісінде. Екінші орында – 43,5 пайызбен Jusan Bank. «Цеснадан» қалған «мұра» Jusan-ның антирейтингте алға шығуына әсер еткен сыңайлы. NPL деңгейі 22,7 пайызды құрайтын Пәкістан банкі үштікті түйіндеп тұр.

Ал Moody’s дерегінше, қазақстандық банк секторындағы проблемалық қарыздар үлесі 18 па­йыздан асып кеткен. Агенттік болжамынша, жыл соңына дейін NPL үлесі 16 пайыздан жоғары болады. Бұған себеп – банктердің шағын бизнесті несиелеуі мен тұтынушылық несиелендіруді арттыруы.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.