Несиеге пәтер алғандарға салық жеңілдігі бар

0 3

Жұмыс істейтін адамның ай сайынғы жалақысынан жеке табыс салығы ұсталатыны белгілі. Отбасы банкінен несиеге баспана алғандар осы салықтың түріне жеңілдік ала алады.

Салық кодексінің 349-бабында: «Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақ­стан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасы­на жұмсалған, Қазақстан Респуб­ликасының тұрғын үй құры­лы­сы жинақ ақшасы туралы заңна­ма­сына сәйкес, Қазақстан Республи­касының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақ­сарту жөніндегі іс-шараларды жүрг­ізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипоте­калық тұрғын үй қарыз­дары бойынша сыйақыны тө­леу­ге арналған шығыстар бо­йын­­­ша қолданады», деп атап көр­­­сетілген. Қарапайым тіл­мен айтқанда, осы банктен не­­сиеге үй алған адам банк бел­гі­­ле­ген сыйақы мөлшерінде са­лық же­ңілдігін ала алады. Ол үшін не істеу керек? Қаржы ми­н­истр­­лігі­нің Мемлекеттік кіріс­­тер коми­теті басқарма басшы­сы­­ның орынбасары Айнұр Сар­таеваның айтуынша, ипотекамен баспаналы болған азамат Отбасы банкімен жасаған несие шарты мен қарыз­ды өтеу мерзімі белгіленген кес­те­нің көшірмелерін және төлем түбір­тег­ін алып, жұмыс беру­шісіне тап­сыруы керек. «Бух­гал­тер осы құжаттарды қарап, бан­­к­тің қосқан сыйақы мөл­ше­рін есеп­тейді де, жұмысшы­ның жа­лақы­сынан сыйақы мөл­­шерін ше­ге­ріп, ұсталатын салық­т­ы азай­туға тиіс. Отбасы банкі­нен ипотекалық несие ал­ған жұ­мыс­шыдан салық аз ұс­та­ла­тын­дықтан, оның жалақы­сы бұ­рынғыдан көбірек түседі деген сөз», дейді Айнұр Сартаева.

Отбасы банкіндегі ипотекасын өтеп келе жатқан, бірақ бү­гінге дейін салық жеңілдігін алма­ған азаматтар да өз құқын пай­­далана алады. Ол үшін жұ­мыс берушіге өтініш жазу керек. А.Сартаеваның айтуынша, өті­ніште несиенің өтелген мер­­зімі мен салық жеңілдігі қол­да­­ныл­­маған кезең көрсетілуге тиіс. Ескере кететін жайт, өтіп кет­кен кезеңдер үшін тек соңғы үш жыл ғана есепке алынады. Осы өті­нішке сай жұмыс беруші есеп жүр­гізіп, жұмысшының ал­ма­ған ақшасын қайтаруға міндетті.

Салық кодексіндегі бұл же­ңіл­діктер басқа банктерден ипо­тека алған азаматтарға да қарас­­тырылуға тиіс болатын. Бірақ әзірше бұл салық шегерімі кейін­ге қалды. «Салық кодексіне ен­гізі­луге тиіс бұл түзету жалпыға бірдей декларациялауға көшудің соңғы кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан бұл ауқымды жұмыс аяқталған соң ипотека ал­ған барлық азаматқа салық же­ңіл­­дігі қарастырылады деп кү­тілу­де. Биыл жалпыға бірдей дек­­­ла­рациялаудың алғашқы кезе­ңі жүріп жатыр, соңғы төр­тінші кезең 2025 жылға жос­пар­ланған. Сондықтан жеке тұл­ға­ның Отбасы банкінен бас­қа, екінші деңгейлі банктер­ден ал­ған несиесі бойынша салық ше­герімдерін, яғни жеңіл­дік­те­рін қолдану 2025 жылдың 1 қаң­тарына ауыстырылды», дейді А.Сартаева.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.