Астанаға 20 жыл

«Нұр-Аш»-тың нұрлы қадамы

«Астананың 20 жылдығына – 20 нысан» акциясы Шу ауданында да жүйелі жалғасын табуда. Аталған акция аясында Шу ауданының орталығы Төле би ауылында екі бірдей балабақша ашылып, пайдалануға берілді. Соның бірі – «Нұр-Аш» балабақшасы.

Баршаға белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мектепке дейінгі білім мен тәрбиеге басымдық бере отырып, 2020 жылға дейін бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Осыны ескерген аудан кәсіпкерлері мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында соңғы екі жылдың өзінде бірнеше балабақша ашып, 500-ден аса баланы тәрбиелеуде. Сондай-ақ, бүгінгі күні жеке кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, ойға алған істерін жүзеге асыруда. Нәтижесінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жұмыстардың тиімді екенін түсін­ген кәсіпкерлер балабақша ашуды мықтап қолға алған.

Бас қаланың мерейтойына орай ашылған Шудағы «Нұр-Аш» балабақшасы 75 бүлдіршінге шақталған. Мекеме басшысы Роза Әбілбекованың айтуынша, нысанның жобалық құны 41,5 миллион теңгені құраған. Ал, мұнда білім беру екі тілде қатар жүреді. Айта кету керек, басқаратын нысанның электр жүйесі орталықтандырылған және жеке қазандығы бар. Сондай-ақ, балаларға арналған музыка, медицина бөлмелері мен спорт залы заманауи үлгіде жабдықталыпты.

«ARAI»-дың тілшілер тобы

ПІКІР