«Nur Otan» партиясы індетпен күресте алдыңғы шептен табылды

0 28

Республика аумағында жарияланған төтенше жағдай, карантиндік режим мерзімінде коронавирус салдарынан зардап шеккен мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Birgemiz» қоғамдық қоры Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған еді. Ал біздің аймақта «Birgemiz-Jambyl oblysy» қоғамдық қоры жұмыс істеді. Қор тарапынан бұған дейін әлеуметтік тұрғыдан көмекке мұқтаж 33 мыңнан астам облыс тұрғынына материалдық көмек көрсетілген болатын.

Облыс бойынша 38916 мұқтаж азаматтарға (І-ІІ-V кезең Тараз қаласы (21947 адам), ІІІ-IV кезең аудандар (16969 адам) 50 000 теңге көлемінде бір реттік көмек көрсетілді.  Жалпы сомасы (1,2,3,4,5 кезең) 1 миллиард 945 миллион 800 мың теңгені құраған.

Қор тарапынан «бірінші кезеңде» 7473 азаматқа жалпы соммасы 373 миллион 650 мың теңге бір реттік (50 мың теңгеден) атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ал, «екінші кезеңде» жергілікті атқарушы органдардың деректемелері негізінде (Тараз қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы) 464 миллион 750 мың теңге көлемінде, 9295 мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілді.

«Үшінші кезеңде» «Вirgemiz» Қорынан 10221 адамға Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм, Сарысу, Талас, Шу аудандарының, оның ішінде 185 елді мекендегі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына 511 миллион 50 мың теңге аударылды.

«Төртінші кезеңде» «Вirgemiz» Қорынан 6748 адамға Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарының тұрғындарына 50 мың теңгеден, жалпы 337 миллион 400 мың теңгеге бір реттік көмек берілді.

«Бесінші кезеңде» «Вirgemiz» Қорынан 5179 адамға Тараз қаласының тұрғындарына 50  мың теңгеден, барлығы 258 миллион 950 мың теңгеге бір реттік көмек берілді.

Көмек 7 санат бойынша жергілікті атқарушы органның тізіміне сәйкес көрсетілді. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар.

Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 24 мыңға жуық отбасына азық-түлік себеттерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.