БАСТЫ БЕТ

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдерінің өкілеттігі тоқтады

Written by Aray2005

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне қатысты Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

inform.kz

ПІКІР