Sport

Нұрқанат – Әлем чемпионы

Written by Aray2005

Кеше Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты түндігін түріп, жарыстың алғашқы күні сүйінші хабар жетті. Әлемнің 64 елінің кіл мықты балуандары бақ сынап жатқан бәсекеде жерлесіміз Нұрқанат Серікбаев алтыннан алқа тағып, абыройымызды асқақтатты.

50 келіде бозкілемге көтерілген Нұрқанат ақтық айналымға дейін қарсылас шақ келтірмей, финалда Францияның балуаны Ромэн Валадьемен күш сынасты. Негізгі уақытта бірін-бірі ала алмаған жекпе-жектің тағдырын соңғы минуттағы сәтті әдіс шешті. Ұрымтал сәтте қарсыласын еденге алып ұрған Нұрқанат оны сол бойы босатпады. Нәтижесінде жерлесіміз әлем чемпионы атанды.
Жарайсың, Нұрқанат! Жеңісің құтты болсын!

Саятхан Сатылғанов

ПІКІР