Нұрлан Қоянбаев та Түркияға көшіп кетті ме?

0 29

Кейінгі кезде отандық әртістердің  Түркияға көшіп кетуі белең ала бастады. Алдыңғылардың әрекетін жұртшылық сынап жатса, жуырда  жайдарманшы, кинопродюссер Нұрлан Қоянбаевтың да елді тастап кеткені туралы ақпарат тарады.

Бұл жаңалық  бұқараны есеңкіретіп тастағаны жасырын емес. Алайда

бүгін кинопродюсер Instagram парақшасында ешқайда қоныс аудармағанын айтып, шетелде жұмыс бабымен жүргенін жеткізді.

«Алып-қашпа әңгімелер көбейіп кетті. Сондықтан ашығын айтайын, Түркияға көшкен жоқпын. Ол жақта  төрт-бес ай жүріп, екі кино түсіріп жатырмыз. Түркия телевизиясына бір-екі шоу жасаудамыз. Неге екенін білмеймін, бірақ мені барлық жерде қолдай бермейді. Сондықтан Мәскеуден, Стамбұлдан жоба іздеймін. Жақында Сеулде үлкен жоба бастамақпыз.  Сол себепті, қолдан келгенше үйде жата бермейін деп, сыртқа шығып жұмыс істеп жүргенім ғой. Өзім Алматыдан, Қазақстаннан, Шиеліден алыс кете алмаймын. Шетелде бір-екі ай жүрсем, елімді қатты сағынамын. Әзірге өзге елде қалу ойда жоқ», – дейді Нұрлан Қоянбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.