Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

0 14

Қазақ журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Бүгін таңертең Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы келмеске кетті. Биыл 70 жасқа қараған шағында өмірден өткен Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламаларымен көрерменнің есінде қалды. Ол 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы, одан кейін «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.