Жамбыл жаңалықтары

Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті

Written by Aray2005

Облыс әкімі Байзақ ауданындағы жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесті. Сарыкемер мектеп-гимназиясында өткен кездесуге 80 жуық тұрғын қатысты. Онда аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың әлеуметтік мәселелері көтерілді.
Байзақ ауданында жалпы 3055 отбасы бар . Бүгінде осы отбасыларында барлығы 12688 бала тәрбиеленіп жатыр. Ағымдағы жылдың 1-сәуірінен бастап ауданда атаулы әлеуметтік көмек алышылар саны 1403 отбасын немесе 7416 адамды құрап отыр. Оның ішінде 776-сы көпбалалы аналар. Көмек алушылардың 441-і әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартылған азаматтар.
Айта кетейік, 1 сәуірден бастап облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекті 30 мыңға жуық отбасы алады, онда барлығы 150400-ден аса адам қамтылатын болады. Бұл бойынша жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен отбасылардың әлеуметтік картасы жасалған. Сондай-ақ, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен асатын, алайда қаржылай қолдауға зәру өзге де отбасылардың аз еместігін баса айтып, оларға да қажетті көмектер көрсетудің тетіктерін ойластырылуда. Тұрғындардың тілек-өтініштерін тыңдаған өңір басшысы қажетті көмектердің көрсетілетінін жеткізді.

 

ПІКІР