Жамбыл жаңалықтары

Облыс әкімі Көкденен ауылының тұрғындарымен кездесті

Written by Aray2005

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов Көкденен ауылдық мәдениет үйінің фоэсінде аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуге көп балалы аналар мен зиялы қауым, ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңестің өкілдері қатысты. Онда негізінен аудандағы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың әлеуметтік мәселелері көтерілді.

Бүгінде ауданда 3492 көпбалалы отбасы бар. Сондай-ақ, 741 «Алтын алқа» және 1039 «Күміс алқа» иегері тұрады.
Айта кетейік, ауданда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 527 отбасыны (1350 адамды) құрап отыр. Оның 250-і көпбалалы аналар. Көпбалалы 552 отбасының 880 баласы мектепте тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.

Кездесуде тұрғындардың тілек-өтініштерін тыңдаған өңір басшысы қажетті көмектердің барлығы мүмкіндігінше жасалатынын жеткізді.

ПІКІР