Жамбыл жаңалықтары

Облыс әкімі сүт зауытының жұмысымен танысты

Written by Aray2005

Т.Рысқұлов ауданындағы жұмыс сапары барысында Асқар Мырзахметов «Астана» шаруа қожалығының сүт өнімдерін өңдіретін шағын зауытына арнайы барды. 2016 жылы құрылған зауыттың жобалық құны 80 миллион теңгені құраған. Ал, жобалық қуатына келер болсақ, кәсіпорын тәулігіне 5, жылына 1500 тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Негізінен арнайы ыдыстағы сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май, йогурт өнімерін шығарады. Оған қажетті құрал-жабдықтар Ресей мемлекетінен әкелінген.

Шаруашылық басшысы Әбді Әбубәкір қосымша шикізат көзің ауыл тұрғындары мен аудан көлемінде құрылған сүт бағытындағы кооперативтер құрап отырғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол шаруашылықтың жұмысын жүйелеу үшін қаржы тапшылығы мәселесі кедергі болып отырғандығын жеткізді.

Сондай-ақ, өңір басшысы ауданға қарасты ауылдық округ әкімдері және бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесуде кәсіпкерлер өз жұмыстарын жандандыру барысында туындап отырған түйінді мәселелерді алдыға тартты. Асқар Исабекұлы өңір экономикасын көтеру үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту керектігін, ол үшін тиісті барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалатынын жеткізді. Облыс басшысы әр ауылда кем дегенде бір ауылшаруашылық кооперативтерін құрудың маңыздылығына тоқталды. Кездесіп отырған кедергілерді шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

ПІКІР