Облыстық стоматологияда «Open space» форматында бөлме ашылды
Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасының әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттінің «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының тапсырмасымен «Open space» форматы бойынша тұрғындармен ұсыныс-тілектер, арыз-шағымдар қабылдайтын бөлме ашылды.
«Open space» форматы – кез-келген жекелей немесе қоғамдық мәні бар мәселелерді ашық алаңда талқылап, оны жауапты тұлғалардың қатысуымен шешу деген сөз.
Пациенттерді қолдау қызметінің міндеті – проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту болып табылады.
Емхананың «Адалдық алаңы» форматы бойынша жасалған бөлме пациенттермен қарым-қатынасты жеңілдетуге, халықтың қазіргі заманғы отандық медицинаға деген сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа негізделген құқық бұзушылықтарды азайтуға септігін тигізіп, пацинеттердің медициналық мекемеге арыз-шағымдарын төмендетіп, туындаған мәселені тез арада шешуін жүзеге асырады.
Емхананың «Сенім телефоны» осы кабинетте орналасқан. Ашылғалы бері емхана кеңсесі он беске жуық адамды қабылдады.