Облыстың бас дәрігері тұрғындарға үндеу жасады

0 61

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

COVID-19 індеті бүкіл әлемдегі ең өзекті мәселе болып қалуда. Қазақстан ағымдағы жылдың наурыз айының соңында коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша «қызыл аймаққа» қайта кірді. Науқастар санының күрт өсуі эпидемияға қарсы түрлі шараларды енгізуге себеп болды.
2020 жылғы пандемия әлемде жүздеген мың адамның өмірін қиюда.  Осы кезеңде коронавирустық инфекцияны емдеу хаттамалары әзірленді, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жақсарды, қажетті дәрі-дәрмектер қоры құрылды.
Бірақ, әлемде COVID-19-ды емдей алатын және өлім мен өмір сүру сапасын төмендететін ауыр асқынулардың алдын алатын тиімді препарат жоқ екенін біле жүру  керек.
Ұзақ уақыт бойы адамзат өміріне қауіпті және көптеген адамдардың  өмірін алып кететін жұқпалы ауруларды тиімді емдеуді  іздестіру  жолында көптеген құралдар қолданылды. Бірақ жұқпалы аурулармен күресудің жаңа дәуірі 1798 жылы шешекке қарсы алғашқы вакцинаны ойлап тапқаннан кейін басталды, екі ғасырдан астам уақыт бойы жұқпалы ауруларға қарсы вакцинацияның тиімділігі дәлелденді. Жұқпалы аурулар қоғамның вакцинацияланбаған өкілдері арасында тез таралумен сипатталады.
2020 жылы пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемдегі ғалымдар қауіпті вирусқа қарсы тиімді вакцинаны жасау үшін зерттеулер жүргізе бастады. Соңғы уақыттағы ең көп талқыланған тақырыптардың бірі – халықты COVID-19-ға қарсы егу болып отыр.
Бүгінгі таңда ресейлік «Спутник V» вакцинасының тиімділігі – клиникалық зерттеулермен және ресейлік вакцинаны сатып алған басқа елдерде препаратты кең көлемде қолдану тәжірибесімен дәлелденді.
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша Ресейде оны егде жастағы топтарда, яғни 60-тан асқан адамдарда қолдануға рұқсат етілді, ол шетелдік аналогтарда жоқ.  Бұл – қауіпсіздіктің  маңызды критерийлерінің бірі.
Қазақстанда клиникаға дейінгі сынақтардың міндетті қажетті сатыларынан өтумен вакцина әзірленді.
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация халықтың әртүрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, 1 ақпанда басталған.
Қазіргі кезеңде вакцинация екі кезеңді ресейлік «Спутник V» вакцинасымен жүргізілуде, кейіннен тиімділік пен қауіпсіздіктің барлық қажетті жағдайларын зерделей отырып, қазақстандық «QazCovid-In» вакцинасымен  жүргізілетін болады.
Бірінші кезекте КВИ-ға қарсы вакцинациялауға халықтың басқа топтарын одан әрі қамти отырып, КВИ жұқтыру және таралу қаупі жоғары халықтың осал топтары (медицина, педагог, полиция қызметкерлері) жатады.
3-сәуірден бастап 18-65 жас аралығындағы халықтың барлық басқа топтарын егу басталады. Вакцина алғанға дейін әрбір адам вакцинаның құрамы мен өндірушісі, қарсы көрсетілімдері, жанама әсерлері туралы ақпарат берілген нұсқаулықпен танысуға құқылы.
КВИ вакцинациясына арнайы дайындық қажет емес. Жедел және созылмалы аурудың өршуі кезінде вакцинация жасалмайды,  өршу өткенге дейін 2-4 апта күту  керек. КВИ-ға қарсы вакцинация дәрігердің вакцинацияға рұқсатын ресімдегеннен кейін жүргізіледі.
КВИ-ға қарсы вакцинацияланған адамдар үшін коронавирустық инфекцияны жұқтыру ықтималдығы бар – бұл жағдайда ауру жеңіл болады.
Ия, вакцинациядан кейінгі теріс әсерлері пайда болуы мүмкін – тұмауға ұқсас  синдром, ол температураның 38 градусқа дейін көтерілуі, бұлшықеттерде, буындарда ауырсыну сезімі, жеңіл бас айналу түрінде де байқалуы мүмкін.  Бірақ, бұл белгілердің барлығы – арнайы емделусіз алғашқы егуді енгізгеннен кейінгі бастапқы күндерде жоғалады. Екінші вакцинация жанама әсерлерсіз өтеді.
Иммунитет препараттың бірінші компонентін енгізгеннен кейін 42 күн ішінде немесе екінші компонентті енгізгеннен кейін 21 күн өткен соң қалыптасады. Иммунитет барлық вакцинацияланған адамдарда қалыптасады.
Вакцина ауруды тудырмайды, құрамында вирус жоқ. Екпеден бұрын ауырып қалмас үшін сақтық шараларын сақтау керек – бетперде киіп, қолыңызды жууды ұмытпау қажет.  Вакцинация жағдайында адамның иммунитеті қалыптасуы үшін қауіпсіздік шараларын сақтау керек (42 күн).
Халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау барлық басқа жоспарлы профилактикалық егулерді жүргізетін медициналық ұйымдардың егу пункттерінде жүргізіледі.
Әлемдік тәжірибеге  сәйкес, вирустық инфекциялар туындаған кезде ұжымдық иммунитет халықтың 70%-ы егілгеннен кейін ғана қалыптастырылады.
Коронавирустың қайталанатын инфекциясы бар, бірақ, әдетте, олар бастапқы инфекцияға қарағанда аурудың жеңіл ағымының сипатына ие. Бұл организмде иммунитеттің бар екендігіне байланысты.
Осы кезеңде вирустың мутациясы пайда болған кезде де қолданылатын вакциналарды қолдану – дәлелденген факт болып табылады. Тіпті жаңа штамдардың пайда болуы, мысалы, «британдық» вакцинаны қолдануға және иммунитетті қалыптастыруға кедергі болмайды.
Вакцинацияның маңызды артықшылығы – коронавирусты жұқтырмау мүмкіндігі. Сондай-ақ, аурудың жақын ортаға, көршілерге, таныстарға, жолаушыларға таралуына жол берілмейді.
Тиімділіктің жоғары пайызы бар вакцина, кем дегенде, инфекцияны жеңіл түрде өткізуге мүмкіндік береді, бұл қорғалмаған тұрғындар арасында өлім қаупін азайтады.
Құрметті азаматтар, мен коронавируспен ауырмағандарды, әсіресе, қауіпті топтағы және еңбекке қабілетті жастағы адамдарды вакцинациялануға шақырамын.
Вакцинация – ерікті негізде жүргізіледі, ешкімді мәжбүрлеуге болмайды, дегенмен вакцинация – бұл өте қауіпті жұқпалы аурудың алдын-алудың жалғыз тиімді және қауіпсіз әдісі екенін түсіну керек, бұл қысқа мерзімде аурудың таралуын едәуір шектейді және ауру мен өлім-жітімді азайтуға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, егілгеннен кейін де бетперде киіп, басқа қорғаныс ережелерін сақтау – маңызды. Бұл сақтық шараларынан бас тарту – пандемияны толық жеңгеннен кейін ғана тиімді болады.
Тек осылай ғана біз өмірдің, жұмыстың, қарым-қатынастың, отбасылық дәстүрлердің, саяхаттардың бұрынғы ырғағына орала аламыз.
Сіздің мықты денсаулығыңыз – біздің басты мақсатымыз!

 

Әсет Қалиев,

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.