Оқуға құштар мектеп

0 17

Тараз қаласындагы Төле би атындағы   №8 гимназия кiтапханашыларының ұйымдастыруымен     ақпан айының 22-сi күнi  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  «Тәуелсіздік тарихы» атты оқырмандар конференциясы өтті.

Аталмыш шараға гимназия ұстаздары мен оқушылары қатысып, егемен ел тарихы турасында өз ой-пiкiрлерiн ортаға салды.

   Конференцияның негізгі мақсаты – қазақ елінің өткен тарихын, Тәуелсіздік жолындағы ерен ерлігiн, оның қадiрiн өскелең ұрпаққа дәріптеу. Сондай-ақ, жастардың бойында Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктi дамыту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды бағалауға шақыру болып табылады.

 Жиын барысында сөз алған гимназияның  тарих пәні мұғалімi Дәурен Ускимбаев: «Тарих – халықтың айнасы. Өткендi бiлмей болашаққа бағдар жасай алмайсыз. Бүгінгі ic-шара арқылы жастарға мемлекеттігiмiздiң түп-тамыры елiн сүйген ұл-қыздарының арқасында қалыптасқанын ұғындыра отырып, отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге аз да болса өз үлесімiздi қостық деп ойлаймын» – деді. Ал, 9 «г» сынып оқушысы Кужабек Аружан өз кезегінде :»Бiз үшін Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Тарих беттерінен таныған ата-бабаларымыздың бұл жолда еткен еңбегі, төккен тері, аққан әрбір тамшы қаны бiзге өнеге! Менің құрдастар ым, бүгінгі ұрпақ аталар жолын ардақтап, егемендігiмiздiң қадiрiн бiледi, кейінгі буынға дәріптейді деп есептеймін»- деп отаншыл рухтағы ойын жеткiздi.

  Сонымен қатар тағылымы мол жиында хандар дәуірінен, Кеңес заманынан және 30 жылдық Тәуелсіздік кезеңіндегi  айтулы даталардан сыр шертiлiп, тың деректер де айтылды

Б.Темирбаева, О.Орынбаева,

Тараз қаласы Төле би атындағы №8 гимназия кітапханашылары

Leave A Reply

Your email address will not be published.