Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

0 0

ҚР Президенті Жарлығымен Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында дүниеге келді.

1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады.

1986-1988 жж. – ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Жоспарлау үрдістерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

1988-1991 жылдары – Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің аспиранты;

1991-1992 жылдары – Жоспарлау үрдістерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері;

1992-1993 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;

1993 жылы – ҚР Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

1993 – 1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшісі басшысының, әкімінің орынбасары;

1995 жылы қараша – 1997 ж. наурыз – ҚР Экономика министрі;

1997 жыы наурыз – қазан – ҚР Экономика және сауда министрі;

1997 жылы шілде – қазан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіптің шұғыл қызметі, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қарым-қатынас мәселелері жөніндегі);

1997 жылғы қазан – 1998 жылғы сәуір – «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы;

1998 жылғы сәуір – тамыз – ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары;

1998 жылы тамыз – 2004 жылғы наурыз – Қостанай облысының әкімі;

1997 жылы ақпан – қараша – ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі;

1997 жылғы қараша – 1998 жылғы тамыз – ҚР Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі;

1997 жылғы наурыз – желтоқсан – «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы;

2004 жылдың наурызынан бастап Астана қаласының әкімі;

2006 жылдың қыркүйегінен бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2007 жылдың тамызынан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;

2009 жылдың 3 наурызында Қазақстан Президентінің Қаулысымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары;

2011 жылдың 11 сәуірінде Мемлекет басшысының қаулысымен кезекті рет ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №1600 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалып, Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ретінде сайланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 1493 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ретінде қайта сайланды.

Еске сала кетсек, Өмірзақ Шөкеев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі қызметін 2017 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келді.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.