Өңірде 200 баладан қатерлі ісік анықталған

0 7

Айта кетсек, елімізде  жыл сайын 600 балаға «обыр» диагнозы қойылады екен. Ал Жамбыл облысында бүгінгі таңда 200-ге жуық баладан қатерлі ісік анықталып, арнайы есепте тұр. Өңірде жыл сайын 15 баладан мұндай диагноз анықталатын көрінеді.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының онкогематология кабинетінде «Ашық есік» күні өтіп, науқас балаларды жоғары білікті балалар онко-гематологы Шолпан Түленбетова қабылдады.

  • Қазір елімізде балалар арасында кездесетін онкология ауруларын емдеу тиімділігі 70-90 пайыз. Генетикалық ақауларға байланысты пайда болатын қатерлі ісіктердің қауіпті түрлері көп. Әзірге оларды емдеу нәтижесі төмен. Бірақ әлемдік медицина дамып келеді, Қазақстанда ауруды емдеу мен бақылауда ұстауға мүмкіндік бар. Бала ағзасындағы онкология ауруын анықтау, шынымен, қиын. Сондықтан, ата-ана баласының денсаулығына өте мұқият қарауы керек. Қатерлі ісік терапиясының тиімділігі дер кезінде қойылған диагнозға байланысты екенін есте ұстаған жөн»,-деді Шолпан Туленбетова.

Дәрігердің айтуынша, онкология ауруының алғашқы белгілеріне әлсіздік, белсенділіктің төмендеуі, терінің бозаруы, лоқсу, құсу жатады. Мұндай жағдайда ата-ана бірден баланы невропатологқа қаратып, скрининг және МРТ-дан өткізуі керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.