"Алтын бесік"

Өңірде мал басы артып келеді

Written by Aray2005

Биылғы жылы Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 22,8 миллиард теңге, яғни республикалық бюджеттен 12 912,0 миллион теңге, облыстық бюджеттен 9951,3 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде субсидияларға 22 810,8 миллион теңге және басқа бағыттарға 52,2  миллион теңге қарастырылған.

Осы қолдаулардың нәтижесінде жыл басынан бері ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 39 474,5 миллион теңгені құрап, республика бойынша алдыңғы қатарға шықты. Оның ішінде, егін шаруашылығы өнімінің көлемі 512,4 миллион теңгені, мал шаруашылығы өнімінің көлемі 38 942,7 миллион теңгені құрапты. Бұл туралы облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Құлкеев өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз брефингінде мәлімдеді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған 2,3 миллиард теңге инвестиция тартылса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 314,0 миллион теңге инвестиция салынған.

Тағы бір айтарлық жай – аймақта мал басының да артып келе жатқаны. Мәселден, ағымдағы жылдың 4 айында облыстағы мүйізді ірі қара саны 481,7 мың басқа жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 8,1% артса, қой мен ешкі саны – 3643,3 мың басты құрап, жылқы – 146,2 мың басқа жетіп, құс саны – 1 718,5 мың бас болыпты.

ПІКІР