Жамбыл жаңалықтары

Өрт қауіпсіздігін сақтайық!

Written by Aray2005

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуника­ция­лар қызметінің» ақпарат алаңында азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мақсат Әкімбаев және азаматтық қорғау саласындағы зілзалалар қауіп-қатерін азайту және бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Денис Охрименконың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз мәслихатында сала мамандары өңірде төтенше жағдайлар департаментінің ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмысы туралы баяндады.
Негізінен, өңірде жыл басынан бері 8 551 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталыпты. Әкімшілік жауапкершілікке 1 172 лауазымды және заңды тұлға тартылып, жалпы сомасы 21 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Сондай-ақ су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін 70 жеке тұлға жалпы сомасы 690 мың теңгеге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар облыс аумағында 1 136 гектар алқапта 146 өрт және 12 орман өрті болып, шамамен 37 000 гектар алқапта келтірілген шығын 16 миллион теңгені құраған. Бұдан өзге 577 гектар алқапта
7 дала өрті болып, одан 3,5 миллион теңге шығын келген.

Ш.Биділдәұлы

ПІКІР