Қоғам

Өрт сөндірушілердің бір күні: Жамбылда оқушыларға арналған ашық есік күні өтті

SAMSUNG CAMERA PICTURES
Written by Aray2005

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесіне қарасты Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Тараз қаласындағы №41, 28, 13, 42 орта мектеп оқушыларының қатысуымен ашық есік күні өтті.

Оқушылар ашық есік күнінде өрт сөндіру-құтқару техникаларымен, құтқару жабдықтарымен жалпы от жауынгерлерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Одан әрі олар өрт сөндірушілердің тарихын қамтитын мұражайға бас сұқты.

Өрт сөндіру мекемесінің аға инспекторы Жазира Аманбекова мұражайдағы тарихи құнды жәдігерлермен, Кеңестік дәуірде қолданылған өрт сөндіру-құтқару жабдықтары жайлы тереңірек таныстырды. Сондай-ақ мәжіліс залында оқушылардың назарына өрттің және төтенше жағдайдың алдын алу тақырыптарында бейнеролик ұсынылды.

Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Қайрат Оразбаев өрт туындай қалған жағдайда әрекет ету дағдылары бойынша ескертіп, шара соңында өрттің алдын алу ережелерімен таныстырып, жаднамалар таратты.

Іс-шара соңында оқушылар естелік үшін суретке түсіп, ұйымдастырылған ашық есіктен ерекше көңіл-күймен қайтты.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

ПІКІР