Өшпес ғұмыр, өміршең жыр

0 92

Парасат жолы» жобасы аясында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Өшпес ғұмыр, өміршең жыр» атты жыр кеші ұйымдастырылды.
Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Әділхан Хасымханұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Қуанышбайұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ержан Әмірбекұлы, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің проректоры Гүлшат Қамбарбекқызы, облыстық «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Асхат Оңалбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасына қарасты дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні» мұғалімі Базарбай Рысбайұлы, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының және «Саналы ұрпақ» ұйымының жетекшісі Бахтияр Арманұлы қатысты.
Жыр кешінде абыз ақын туралы керемет естеліктер айтылып, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері, №5 мектеп-гимназиясы мен Жамбыл ауданы, Шайқорық орта мектебінің оқушылары ақын жырлары мен арнау өлеңдерін жатқа оқып, әсем әннен шашу шашты.
Жиынға қатысушылар бұл іс-шараның парасаттылыққа, әдептілікке баулитынын айта келе, саналы ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында осындай іс-шаралардың көптеп өткізілу керектігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.