«Отбасы саулығы – Отан бақыты»

0 3

Күләш АХМЕТОВА,
ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

– Өмір, денсаулық – адамзат баласына берілген Жаратушының аманаты. Сол аманатқа адал болу әрбіріміздің қастерлі парызымыз. Ең алдымен ол парызды орындау кез келген адамның өз қолында. Ол үшін әркім өзінің денсаулығына жауапты болуы қажет. Сол арқылы ол бала-шағасының өміріне, жақындарының, бүкіл елінің болашағына жауапты екенін ұмытпауы тиіс.
Қазір хакім Абай айтқандай, адамзат баласы өз өзіне есеп беретін сәт. Бұған дейін қоршаған ортаны ластадық, бұлақтарымыз байланды, өзен-көлдеріміз тартылды, Жер Ананы қоқысқа көміп тастадық. Ауаны ластадық, суды да лайладық. Сол секілді жан дүниеміз де адамгершіліктен, имандылықтан, рухани тазалықтан алыстап кетті. Салдарынан ажырасу, ата-анасын тастаған бала немесе баласын қараусыз қалдырып кеткен ата-ана, құндылықтардың құнсыздануы, айтуға ауыз бармайтын азғындық көбейді. Дәл қазір осындай кемшіліктерімізді, қателіктерімізді түзеп, олқылықтардың орнын ізгілікпен толтыратын мезет. Сол үшін өз үйіміз, өлең төсегімізде жанұямызбен бірге рухани һәм табиғи тазарайық! Көкірек көзімізді оятып, келешегімізге жаңа санамен қарауымыз қажет. Қандай игі істер, ауқымды жұмыстар жасалып жатса да, оның барлығы ел үшін, болашақ ұрпақ үшін атқарылуда. Сондықтан ең бастысы – еліміздің саулығы. Отан отбасынан басталатынын ұмытпайық, ал отбасының амандығы, ол Отанымыздың амандығы!

Leave A Reply

Your email address will not be published.