РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ Рухани жаңғыру

Озық ойлы Иса

Written by Aray2005

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру аясында облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «#Bestвидео Туған өлке» онлайн-байқауының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Сайысқа орта білім беретін мектеп-гимназиялардың оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

Туған өлкенің тарихи құндылықтарын, табиғаты мен көрікті мекендерін танытуға бағытталған байқауға 50 бейнетуынды ұсынылып, оның ішінде 34-і жолдама алған. Сайыс талабы бойынша әрбір қатысушы өңірдің тарихи-мәдени ескерткіштері мен архитектуралық ерекшеліктері жайлы 2-3 минуттан аспайтын видео түсіріп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дыбыстауы керек болатын. Бұл тұрғыда жарысқа қатысушылардың барын салып баққаны байқалып тұрды.
Сайыс қорытындысында №13 Тараз теміржол колледжінің 1-курс студенті Иса Байзақов бірінші орынға лайық деп танылды. Ал, екінші орынның жүлделері Жамбыл ауданы, Б.Бесбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Нұрай Мусина мен Еркемай Қайратқа және Тараз қаласы, А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның оқушылары Виолетта Ким мен Диана Штепенкоға бұйырды. Сонымен қатар Тараз қаласы, Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектептің оқушысы Айдана Михаил, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Әбдіқазы Оралбаев, Мойынқұм ауданы, О.Жандосов атындағы орта мектептің оқушылары Тоғжан Толымбек, Диана Қамшыбек үшінші орынды еншіледі.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған байқауда лайықты үміткерлер «Жас зерттеуші», «Үздік контент» аталымдары бойынша да марапатталды.
Айта кетейік, «#Bestвидео Туған өлке» онлайн байқауының келесі кезеңінің іріктеуі қыркүйек айында басталмақ.

Сәндібек ПІРЕНОВ,
М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ 2-курс студенті

ПІКІР