Пандемияға арналған көрме ашылды

0 18

Әрине, айналамызда, ел ішінде болып жатқан жағдайлар  өнер туындыларынан да көрініс табуы  қалыптасқан заңдылық. Өмірдің өзінен алынған туындының шынайылығы мен көркемдігі де осыдан болса керек.

Осы ретте Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында «пандемиялық» көрме ашылды.  Жергілікті суретші Виктор Шмидт көрермен назарына карантин тақырыбындағы туындыларын ұсынды. Автор қағаз бетіне түсірген терең ойлары арқылы қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерін жеткізуге тырысқан. Мысалы, бір қайықта отырған кейіпкерлер картинасы бәріміздің де бір жағдайға түскенімізді аңғартып тұрса керек. Қыл қалам шебері бұл еңбектерін ватман, қатты қағазға, тіпті фанерге салған. Жалпы көрмеге 50-ге жуық туынды қойылған.

– Бір «Карона-тәж» атты жұмысын алайық. Айтайын деген ойы, каронавирустың келуінің себебі – осы өмірде зұлымдық көбейді. Ең бірінші адамдар өз басындағы тәжін шешу керек. Яғни, ол тәкаппарлығы, менмендігі, өзімшілдік. Сондай керегі жоқ зұлым қасиеттерден арылып, тәубемізге келсек, мүмкін осы коронавирус кетеді біздің өмірімізден деген ойын айтып тұрғандай, – дейді музейдің ғылыми қызметкері  Ильвира Халитова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.