Пандемияның пайдасы: өткен жылы ажырасқандар саны еселеп азайған

0 3

Қазақстанда пандемия кезеңінде неке қидырғандар саны мен некесін бұзғандар саны азайды.

2020 жылдың 3 тоқсанында 87,6 мың неке тіркелсе, 17,3 мың жұп ажырасқан. 2019 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда неке саны 15,7 пайызға, ажырасу саны 2,6 есеге азайған.

Ал басқа елдердегі жағдай өзгеше. BBC News басылымының жазуынша, 2020 жылдың карантинде өткен бірнеше айы әлем бойынша ажырасулар мен айырылысулар санына тікелей әсер еткен.

Мәселен, Ұлыбританияда ресми ажырасулар санының жылдық өсімі 20 пайызды құраған. Канада, Қытай сынды елдердегі жағдай да осыған ұқсас.

Порталдың жазуынша, Қазақстандағы карантиндік шектеулер толық жойылып, мемлекеттік мекемелер мен органдар қалыпты жұмыс кестесіне оралған кезде, сондай-ақ халықтың әл-ауқаты бұрынғы деңгейге қайта оралғанда елдегі ажырасу динамикасын талдауға болады. Өйткені бұл көрсеткіштер өзгеруі мүмкін.

ranking.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.