Жастар.kz

Парасатты жастар – ел ертеңі

Written by Aray2005

Облыс әкімдігінің білім басқармасы «Jambyl adaldyq alańy» жобалық офисі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп колледж студенттері арасында брэйн ринг интеллектуалдық ойынын өткізді.

«Парасатты жастар – ел ертеңі!» тақырыбында өткен сайыста 3 колледжден құралған 3 команда бақтарын сынады. 5 турлық онлайн байқаудың бірінші турында қатысушылар команда атауы мен ұранын таныстырса, екінші турда тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді. Үшінші турда командалар берілген ұяшықтардағы тұлғаның кім екенін тауып, өмірі мен жетістігі туралы сипаттама беруі қажет болды. Ал төртінші турда берілген сөз тіркесінен жаңа сөздер құрастырса, соңғы бесінші турда әр команда берілген тақырып төңірегінде қазыларға өз ойларын айтып, тақырыптың мәнін ашып түсіндірді.
Интеллектуалды сайыс нәтижесінде Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «Ғибрат» командасы үздік деп танылса, Жамбыл медициналық жоғары колледжінің «Антанта» командасы және Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің «Сұңқар» командасы Алғыс хаттармен марапатталды. Марапаттау шарасы «ANTIKOR» орталығында өтіп, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтарын департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев табыстады.
Сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мен «JAMBYL ADALDYQ ALAŃY» жобалық кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» көркем сурет, «Адал бол» карикатуршылар, «Парасатты болашақ» эссе байқауларының да нәтижелері шықты.
Байқауға 500-ден аса жұмыс қабылданып, жеңімпаздар арнайы дипломмен, сый-сияпаттармен марапататталды.
«Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» көркем сурет байқауы бойынша Нұрасыл Қабланбек үздік атанса, «Адал бол» карикатурашылар байқауында Арсен Саткеевтің еңбегі бас жүлдеге лайық болды. Ал «Парасатты болашақ» эссе байқауының бас жүлдесі Айгерім Исмағұлға берілді.

Ж.БАҚЫТБЕК

ПІКІР