"Сырғалым"

Пай-пай Pandora

Written by Aray2005

Жаратылысынан нәзіктік пен әдемілікті қалайтын әйелдер үшін Pandora брендінің орны ерекше. Әрбір бикеш әлемдік брендтің түпнұсқасының иегері болуды армандайды. Сұлулардың көзін арбап, сиқырлап ғашық еткен бұл бұйымның ерекшелігі неде?

Pandora (Пандора) – зергерлік әшекейлердің әлемдік бренді. Ол бәсекелестерінен дизайнның түпнұсқалығы және әшекейлерінің өзіндік элементтері әрі жоғары шеберлікпен орындалуымен өзгеше. Жоғары сапалы бұйымдар мен шарм – күміс және алтын сынықтың, тозудың алдын алу үшін арнайы өңдеуден өткен, табиғи тастар. Авторлық және тұтынушылардың идеясына сай бұйым жасау, әшекейлер топтамасын сайттан көріп, тапсырыспен алу мүмкіндігі, өнімнің қолжетімділігі мен әрдайым сәнде болуы көптің қызығушылығын тудырады.
Ал брендтің атауына келер болсақ, пандора – ежелгі грек аңызындағы қыздың есімі. Ол – «дарынды» деген мағынаны білдіреді екен. Жалпы білезіктердің пайда болу тарихы Дания мемлекетінен бастау алады. 1982 жылы Копенгагеннің орталығынан көлемі 30 шаршы метрді құрайтын шағын дүкен ашылады, онда қолмен жасалған зергерлік бұйымдар сатылады. Дүкенді жас зергер Пер Эневолдсен және оның әйелі Винни ашады. Компания нарықта өз орнын тауып, зергерлердің идеясымен білезіктер жыл өткен сайын ерекшелене бастайды.
1999 жылдың соңында Дания нарығына «Шармдар» деп аталатын бағалы кулондар (моншақтар) негізінде жасалған Рandora модульдік білезіктер келеді. Білезіктердің ерекше дизайны тіпті Дания ханымдарын таңғалдырады. Осылайша жаңа топтама компанияны табысқа жетелеп, әлемдік бренд атануға мүмкіндік береді. Дат нарығын мойындатқан бренд ауқымын одан ары кеңейте бастайды. 2000 жылы компания тағы бір сәтті топтаманы жұртшылыққа таныстырды. Бұл коллекцияның ерекшелігі алтыннан жасалған Рandora Charm білезігі болды. Оның құндылығы – 14 карат.
Рandora – бүгінгі күні тұрақты клиенттері бар, сұранысқа ие, әлемге танымал ірі компания. Компанияның көздеген мақсаты – әлемдегі әйелдерге қолжетімді бағамен заманауи жоғары сапалы зергерлік бұйымдарды өзіндік таңдау мүмкіндігін ұсыну.

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

ПІКІР