Президент қаржы пирамидаларын анықтауға қаржылық мониторинг агенттігі де атсалысуы керектігін айтты

0 9

Бас прокуратураның басшылық құрамымен өткен кеңесте ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы пирамидаларын анықтауға қайта құрылған қаржылық мониторинг агенттігі де атсалысуы керектігін айтты.

– Мысал ретінде, көптеген азаматымыз қаржы пирамидаларының құрбаны болуда. Тек бір ғана қылмыстық іс бойынша 17 мыңнан астам жәбірленуші бар. Мұндай қылмыстық істерді жүзеге асыру үшін алаяқтар бірыңғай транзакцияларды бірнеше рет өткізіп барып, жоқ болады. Күмән тудыратын осындай белсенділікті уақытылы анықтаған жағдайда көптеген адамдарды шалыс басудан сақтап, алаяқтарды жазалауға болар еді. Қайта құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі де бұл істен қалыс қалмауы керек, – деген президент құқық қорғау құрылымдарының іс-қимылдарын үйлестіруді жолға қоюды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.