Жамбыл жаңалықтары

Президент Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың жанұясымен кездесті

Written by Aray2005

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласында аса қауіпті лаңкес қылмыскерді ұстау барысында қайтыс болған Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың шаңырағына барды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы Ғазиз Байтасовтың ерен ерлігінің бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін атап өтіп, оның есімі ел жадында мәңгі сақтала беретінін айтты.

Айта кетейік, Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысының Түймекент ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді заңгер. 1997 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2002 жылы әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетін бітірді.

Еліміздің құқық қорғау органдарында 20 жылға жуық қалтқысыз қызмет атқарды. Сын сағатта салқынқандылық танытып, жанкештінің жолын кесіп, қаһармандықтың үлгісін көрсеткен оның Отан алдындағы ерлігі үшін Тараз қаласының бір көшесіне Ғ.Байтасовтың есімі беріліп, тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылды.  Сондай-ақ, батырдың бейнесі бейнеленген бюстісі орнатылған.

77news.kz

ПІКІР