Президент Шарында қаза тапқан мұғалімді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

0 1

ҚР Президенті Жарлығымен Шарын шатқалында оқушыларды құтқару кезінде қаза тапқан мұғалімді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М.Н. Ибрагимовті «Ерлігі үшін» медалімен наградтау туралы

2021 жылғы 01 маусым
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы «№ 199 мамандандырылған гимназия» КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын (марқұм).

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                           Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 1 маусым

№ 587

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.