Р. Дәулеттің бастамасымен қордайлықтар қауіпті дертпен күреске барынша жұмылдырылуда

0 0

Елімізде қалыптасып отырған пандемия жағдайына байланысты Қордай ауданында бірқатар жұмыстар жүзеге асып отыр. Аудан әкімі Рүстем Дәулеттің қолдауымен аудандар арасында ең алғашқы болып қордайлықтар 19 ауылдық округтің тұрғындарына коронавирус індетінен сақтану туралы жадынаманы еріктілердің көмегімен таратқан болатын. Қазіргі таңда қордайлықтардың бұл сәтті бастамасы өзге аудандарда да жүзеге асырылуда. Рүстем Рысбайұлы ауылдарды өзі де жиі аралап, тұрғындармен жүздесіп: «Әр азамат өзін өзі сақтап бетперде киіп, таза жүріп,талапқа сай болуы тиіс. Көпшілік жиналған жерге себепсіз бармауы қажет. Сонда біз бұл індетті жеңе аламыз»,- деп сақтандырып келеді.
Қазіргі таңда Қордай ауданында коронавирустың 116 симтомды түрі, 157 симтомсыз жағдайы тіркелген. 10 адам пневмониямен ауыратыны анықталып, есепке алынды.
Індеттің алдын алуға қатысты шаралар үздікіз жүргізілуде. Аудан әкімі бұл мәселелерді демеушілерді тарту арқылы шешуді көздеп отыр. Осы кезге дейін 9 дана өкпеге ауа беру концентраторы демеушілердің есебінен сатып алынып, аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, қайырымды кәсіпкерлер үш дана ИВЛ аппаратын және 10 дана пульсопсиметр сатып алып беріп, сын сағатта науқастардан көмегін аямауда.
Ауданда 38 дәріхана жұмыс істеп тұр. Дәріханалар 25600 бетпердемен, 5910 дене қызуын түсіретін дәрілермен, 5910 антибиотиктермен, 5298 вирусқа қарсы дәрілермен қамтылған. Карантин жағдайына байланысты 11 мобильдік бригадалар 11 автокөлікпен қамтылып, жұмыстарын кедергісіз атқаруға мүмкіндік алды. Олар халық көп шоғырланған орындарда тәулігіне 3 рет рейд жүргізіп, карантин талаптары сақталуын үнемі қадағалауда. Ал тұрғындар арасында ақпараттық — түсіндіру жұмыстары БАҚ және әлеуметтік желілерде үздіксіз жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Түркия елінен Қордай ауданына гуманитарлық көмек жеткізілген. Онда бір реттік қорғаныс киімдері мен жеке қорғаныш құралдары жинақталған 25 дана қорапта 450 жиынтық қажетті көмек бар. Гуманитарлық көмекті бауырлас елдің өкілдерінен аудан әкімінің орынбасары Бейқұт Жамангөзов пен аудандық аурухананың басшылығы қабылдап алды. Ал ауданға белгілі кәсіпкер Сәрсебек Салыбаев аудандық орталық аурухананың жүзден астам қызметкеріне түскі ас ұйымдастырып, індетпен үздіксіз күресіп жатқан жандардың алғысына бөленсе, Қордай ауылындағы «Рахман» мешітінің жамағаттары аудандық аурухананың асханасын 100 адамға арналған азық-түлікпен қамтуда. Кәсіпкерлер мұндай қайырымды шараны алдағы уақытта да жиі жалғастыруды көздеп отыр.
Өз кезегінде аталған ауданда індетпен күрес шаралары үнемі жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.