"Заң және біз" Жамбыл адалдық алаңы

Р. Төлебаев оқу орындарында жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстар ретін ұсынды

Written by Aray2005

Жамбыл облысы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтті. Жиында ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Равиль Төлебаев облыстағы білім беру ұйымдарындағы тұрмыстық жемқорлық мәселелері туралы баяндама жасады.

Баяндамада «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға бейім оқытушы, ұстаздарды анықтау мақсатында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысына тоқталып, оқу орындарындағы ақша жинау фактілерін азайту бойынша бірнеше ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, департамент басшысы білім беру ұйымдарының тестілеуді ұйымдастырушы мамандарының жауаптылығын қарауды күшейту және бейне бақылау орнату, сессия кезінде оқытушы мен студенттер арасындағы қатынасты барынша жою бойынша арнайы регламент әзірлеу және ол бойынша бақылауға алу, мектептерде заңсыз ақша жинау мәселесін қатаң бақылауға алу және кездескен фактілер бойынша міндетті түрде шара қабылдау туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, мектепке көмек көрсетуге ниет білдірген ата-аналардың қаражатын тек арнайы қорға жинау, мұғалімдердің міндеттеріне кірмейтін жұмыстарды атқаруды және жұмыстан тыс уақытта үстеме жұмыстарға тартуды тоқтату, мұғалімдерді баспасөз басылымдарына жазылуға мәжбүрлеуді тоқтату секілді ұсыныстарын айтып өтті. Бұдан бөлек, қамқоршылық кеңестердің жұмысын ұйымдастыру туралы мектептердің және ата-аналардың назарына тиісті деңгейде жеткізу, мектептерге бөлінген қаражаттардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар бойынша қамқоршылық кеңестермен жиі кездесулер ұйымдастыру және ата-аналар назарына сайттардағы «ашық бюджет» бөліміндегі шығындарды ашып көрсету бойынша жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты.

Р. Төлебаев атап өткен ұсыныстарды мұқият тыңдаған облыс әкімі А.Мырзахметов олардың қолдау табатынын мәлімдеді.

Облыс әкімі ұсыныстарды хаттамалық тапсырмаға енгізу қажеттігі, білім басқармасына нақты шаралар қабылдау керектігін баса айтып, білім басқармасы шығарған бұйрық пен қоғамдық кеңестің ережелерінен әр мектепте арнайы бұрыштар дайындау керектігі туралы нақты тапсырмалар берілді.

ПІКІР