Ресейде «Вакциналық туризм» қарқын алды

0 1

Бұл туралы бразилиялық Folha басылымы жазды.
Еуроодақ елдеріндегі коронавирусқа қарсы екпе егу жұмыстарының тым баяулығына байланысты кейбір тұрғындар вакцинация үшін Ресейге кету туралы көп ойлана бастаған.
Себебі Ресей биылғы 18 қаңтардан бастап барлық адамдарға, яғни, өз азаматтары мен шетелдіктерге де тегін вакцина салуға мүмкіндік беріп отыр.
Әзірге вакцина алу үшін көбіне Еуропада жүрген ресейлік азаматтар ғана елге қайтып жатыр.
Бүгінде Мюнхенде тұрып жатқан ресейлік физик Дмитрий Быков Мәскеуге арнайы келіп, екпе салдырғанын айтып отыр. Ол Германияда бюрократиялық қиындықтарға байланысты осы күнге дейін вакцина салдыра алмапты.
Сарапшылар да вакцина арқылы да туризмді дамытуға болатынын айтып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.