Ресейден Қазақстанға келетін газ транзиті тоқтатылды

0 4

Ресейден Қазақстанға келетін газ транзиті тоқтатылды.
Бұған Орынбор облысындағы «Союз» магистраль газ құбырындағы жарылыс салдары себеп болған. Нақты айтқанда, кеше Ресей Федерациясы аумағында «Союз» магистраль газ құбырының 108-шақырымында жарылыс болыпты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін «Союз» МГҚ және «Орынбор-Новопсков» МГҚ бойынша газ беру тоқтатылған екен. Тиісінше, Ресей газ транзиті және Қарашығанақ газын Орынбор газ өңдейтін зауытына жеткізу тоқтатылды», депі ведомство өкілдері өз хабарламасында.
Олардың айтуынша, Батыс Қазақстан облысы тұтынушыларын газбен жабдықтау үшін «Орта Азия-Орталық» магистраль газ құбырынан ресурстарды қайта бағыттау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасында газ тасымалдау жүйесінің барлық объекті штаттық режімде жұмыс істеп тұр екен. Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауына алыныпты. Министрліктің баспасөз қызметіндегілер газ тасымалы тоқтап қалуынан болған жалпы шығын мөлшері кейінірек есептеліп мәлімделетінін айтып отыр.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.