Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру – білім көкжиегінде

Written by Aray2005

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бұдан үш жыл бұрын жарияланып, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттары айқындалған болатын.

Бағдарламалық мақалаға сәйкес жоғары оқу орындарында білім мен тәрбие беру мәселесіне жаңаша көзқараспен қарау және студенттердің патриоттық сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің формалары мен әдістерін жетілдіру қолға алынған.
Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және де қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың назарын жаңа перспективаларға, әлемдегі алдыңғы қатарлы университеттерде білім алу мүмкіндіктеріне аударды. Сонымен бірге білім берудің сапасын арттыру ең негізгі міндеттердің бірі екендігін атап көрсетті. Соның айғағы ретінде –Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы да аталған мақалада көзделген міндеттерді жүзеге асыруда.
Жастарды адамгершілік рухта тәрбиелеп, оларға білім мен ғылымға бастар жолды көрсету ұстаз еншісінде. Осы мақсатта университеттің жоғары мектептерінде, кафедраларда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмыс жоспары жасалынып, соған сәйкес біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ «Педагогика және практикалық психология» кафедрасының ұжымы да сана- сезімі биік, дүниетанымы мол маман тәрбиелеуде аянбай еңбек етуде. Қоғамның қиындығына қарамастан қашықтан білім беру барысында студенттерге педагогикалық- психологиялық қолдау көрсету мақсатында оңтайлы дәріс, практикалық сабақтар жүйелі жүргізуде. Сонымен бірге мектеп бітіруші түлектермен онлайн ZOOM бағдарламасымен кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізуге байланысты «Стресс.ҰБТ.Жетістік» тақырыбы аясында «Мамандық жетістік мерейі», «ҰБТ психологиялық дайындық», «Мен таңдаған жол…», тағы да басқа тақырыптарда семинар- тренингтер өткізілуде.

Патима Махашова,
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті
«Педагогика және практикалық психология»
кафедрасының аға оқытушысы

ПІКІР