"Кәсіпкерлік"

Сүйемелдеу келісім шартына қол қойылды

Written by Aray2005

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті еліміздің кәсіпкерлері мен инвесторларын қолдау, жемқорлықтан қорғау шараларының бірі «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында «Alima DELUXE» ЖШС-мен кезекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісім шартқа отырды.
«Alima DELUXE» ЖШС өз кәсібін машина құрылысы және робототехника саласында, Жамбыл облысы аумағында жүзеге асыратын болады.
Атап айтсақ, қазіргі таңда Департамент жергілікті және шетелдік инвесторлармен және кәсіпкерлермен, жалпы соммасы 350 млрд.теңгеден астам 26 келісімге отырды.
Кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау Департаменттің басым бағыттарының бірі болып табылады.

ПІКІР