Қоғам

Сабыр түбі – сары алтын!

Written by Aray2005

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған мәлімдемесінде, ел аумағындағы төтенше жағдайдың мерзімі тағы да екі жетіге созылатыны айтылды. Әрине, бұл, халықтың қауіпсізідігі үшін, ұлттың саулығы үшін жасалынып жатқан қадамдар. Қырық күн үйде оқшауланып, қашықтан жұмыс істеп отырудың өзі де қиынға соқты. Бірақ, мемлекет басшысы қанша күн ұзартса да елдің болашағы үшін үйде болуымыз қажет. Мемлекеттің түсімі де азайған тұста, әр отбасына кіретін табыстың да азайғаны рас.
Осы тұрғыда Президентіміз мәлімдемесінде халықтың табысын сақтап қалу үшін үкімет бар жағдайды қарастыратының баса айтты. Бұған дейін берілген әлеуметтік төлемдер, келесі айдада да жалғасын таппақ. Біз Президенттің мәлімдемесін қолдап, бір-бірімізді сабырлыққа шақырайық. Мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруына атсалысайық, кедергі болмайық.
Атам қазақ: «Сабыр түбі – сары алтын» деп текке айтпаған.
Әр қиыншылықтың артынан жеңілдік болатынына үміттенейік, елге келген қиыншылықтың уақытша, өтпелі екендігіне сенейік!

Кенжеғали ШИЛІБЕК,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы

ПІКІР