Сағым қала

0 1

Қытайдың Фошань елді мекенінің үстінен көкте алып елес қаланың жүзіп өткені камераға түсіріліп алынған. Кадрды мұқият қарасаңыз бұлттар арасынан биік мұнаралы ғимараттары бар заманауи мегаполис айқын көзге түседі.

«Елес қаланы» бірнеше минут бойы жүздеген жергілікті тұрғын бақылаған. Мамандардың айтуынша, бұл «фата-моргана» деген атауға ие сағым секілді.
«YouTube» желісіне салынған бейнероликтерге қарағанда, «аспан қала» Фошань елді мекенінің көгінен 2018 жылдың 7 қазанында өтсе, 12 қазанда бұл құбылыс Цзянси провинция­сы­нан байқалған.
Фата-моргана – бұл жердегі жанның көкжиек шегінің ар жағындағы жайттарды көретіндей жағдайлардың туындауы. Атмосфера түрлі тығыздықтағы және түрлі температурадағы қабаттардан тұратынын ескерсек, аталған қабаттардың қабысу тұсында жарықтың шағылысуы үшін қолайлы жағдайлар туындайды, сағым содан пайда болатын көрінеді. Бірақ ғалымдар Қытай аспанынан анық көрінген елес қаланың пайда болу құпиясын таба алмауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.