"Заң және біз"

Сақтансаң сақтайды

Written by Aray2005

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік кезеңі және балалардың терезеден құлауы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясы өтті. Онда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Бағдат Данилов орман және дала өрттерін жою және алдын алу жөнінде атқарылған жұмыстар мен табиғи өрттердің пайда болуының негізгі себептері мен жазғы шомылу маусымындағы қауіпсіздік және балалардың өзге де жағдайдағы қауіпсіздігі тұрғысында баяндады.

Ағымдағы жыл облыс аумағында далалық алқапта 1586 гектар жерде 223 жану оқиғасы тіркеліп, орын алған 15 орман өрті аумағы 40913,16 гектарды отқа оранды. Салдары 17 миллион 380 мың теңге шығынды құрады. Сондай — ақ шығын көлемі 3 миллион 560 мың теңге болатын 527 гектар жерде 7 далалық алқап өртеніді – деген Бағдат Жұмаұлы өртке қарсы атқарылған шараларды егжей-тегжейлі баяндай отырып, табиғи өрттердің пайда болуы адамдардың немқұрадылығынан және табиғи факторлар себеп болуынан орын алатынын атап өтті. Сонымен қатар ол облыс аумағында көп қабатты үйлердің терезелері мен балкондарынан кәмілетке толмаған 3 бала құлап кеткетіп, 2-ден 5 жасқа дейінгі 3 бала зардап шеккенін, бірақ аман қалғанын сөз етті.

– Атқарылған профилактикалық жұмыстарға қарамастан былтыр облыстағы су айдындарында 25 адам қаза болса,оның ішінде 13-і жасөспірімдер. Шомылу кезінде қаза болған балалардың барлығы ата-аналарының қараусыз қалдыруынан болып отыр. Сонымен бірге, қайғылы жағдайлардың көпшілігі шомылуға арналмаған, құтқару бекеттері құрылмаған және шомылуға тыйым салу белгілері орнатылмаған су айдындарында тіркелді. Балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаудан 4 оқиға орын алды, – дейді ол

         Биыл Мойынқұм ауданы Балхаш көлінде 2 – балықшы суға кетіп қаза тауыпты. Одан бөлек, шомылуға тыйым салынған орында бір адам  қайтыс болған. Жамбыл облысының аумағында 3 өзен,100 – ден аса су өткізу арналары, 3 көл мен 5 ірі су қоймасы және 102 шағын су қоймасы бар екенін алға тартқан департамент басшысы тұрғындарды демалуға шыққанда және суға шомылуда қауіпсіздік шараларын барынша ұстанып, әсіресе балаларға абай болуға шақырды.

ПІКІР