Салғырттық сан соқтырады

0 3

Тараз қаласы әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ қалада орналасқан кәсіпкерлік субъектілеріне рейдтік жұмыстарын күнделікті жүргізуде.
Айта кетсек, Тараз қаласы бойынша 74 мейрамхана, 220 кафе, 75 супермаркет пен сауда орталығы, 645 азық-түлік дүкені, 19 сауда базары, 63 құрылыс дүкені, 44 монша бар.

Тараз қаласы әкімінің 2021 жылғы 22 маусымдағы №65-Ө «Тараз қаласында эпидемиологиялық талаптарды сақтау және шектеу нормаларының бұзылуының алдын алу» бойынша мониторингілеу тобы бекітілген болатын.
Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы №128-Ө «Тараз қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында «Үйлестіру орталығы» құрылған. Мониторингтік топ шектеу шараларын, оның ішінде карантинді сақтау талаптарының бұзылуы анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритміне сәйкес жұмыс жүргізуде.
Инфекцияның алдын алудың бірден бір жолы мониторингтік топтардың жұмысына да тікелей байланысты екені айтпасақ та белгілі. Сондықтан, рейдтік шаралар барысында қаңтар айында 34, ақпанда 47, наурызда 54, сәуірде 72, мамырда 42 және маусым айында 40 хаттама толтырылған. Бүгінде облыс орталығындағы жеке кәсіпкерлер «Ashyq» бағдарламасына белсенді қатысуда. Нақты уақытта аталмыш қосымшамен жұмыс істеуге 341 бизнес нысаны өтініш берген. Оның ішінде кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану, яғни мейрамхана, дәмхана, асхана және фитнес клубтар, бильярд, компютьерлік клубтары, СПА орталықтары,сұлулық салондары бар.
Бүгінде дәмханаға барған, «Қызыл» түс белгіленген ПТР-тесті оң нәтиже шыққан 17 адам тіркелсе, «сары» түс, яғни науқас адаммен байланыста болған 50 адам анықталған. Олардың дені өзін-өзі оқшаулану режимін бұзғандар. Дәмханаға бұл топтағы адамдар кіргізілмеген. Бұл деректер бойынша жергілікті емханаларға хабарлама жіберілген.
Сонымен қатар, халық көп шоғырланған саябақтар мен сауда үйлерінде, қоғамдық көліктерге де тексеріс жұмыстары жүргізілуде.
Карантиндік режимді бұзу фактілері көбіне тойханалар, компьютер клубтары, плейстейшн ойын орындары, бильярд, түнгі клубтар, дәріханаларда, сондай-ақ сауда орындарында тіркелуде.
Ұжымдық іс-шаралар өткізіліп, карантиндік уақыт режимін сақтамағаны үшін анықталған заңбұзушылықтар бойынша 428 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 83 323 330 теңге көлемінде айыппұл салынған.
Оның ішінде жыл басынан 240 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 41 428 090 теңге көлемінде айыппұл өндірілген.
Карантин тәртібін бірнеше мәрте бұзғандығы үшін 21 материал әкімшілік соттың қарауына жолданды, оның барлығына шешім шығарылды.
Соңғы аптада карантиндік талаптарды сақтамаған «Аулиеата», «Golden Hall» мейрамханаларында ұжымдық іс-шаралар ұйымдастырылса, «Abayas», «Аква life», «Изюм», «Шафран», «Форфас» караоке-кафелеріндегі қызметкерлердің маскасыз жүргені анықталып, хаттама толтырылыпты.
Сақтық шаралары әлі де жалғасуда.

Нұржан Қадірәлі

Leave A Reply

Your email address will not be published.