Сарапшы телефон неліктен тез «отыратынын» түсіндірді

0 15

Сарапшы неліктен телефон қуаты тез бітетінін және телефонды иесінен бөлек кім басқара алатынын айтты. Мәселе цифрлық гигиена туралы болмақ. Бұл туралы «Прайм агенттігіне цифрлық өнімдерді зерттеуші-аналитик Эльвина Насибулина айтып берді.

Эльвина Насибулинаның сөзінше, ұялы телефонда вирустар мен тыңшы-қосымшалар болуы мүмкін.

«Зиян бағдарламалар алаяқтарға сіз туралы жеке дерек пен төлем деректерін қолға түсіруге мүмкіндік береді. Ұялы телефон иесін аңдып жүретін, суретке түсіріп, дауыс жазып, видео түсіріп алатын тыңшы-қосымшалар туралы да ұмытпау керек», – деді сарапшы.

Сондықтан қандай да бір бағдарламаны жүктер алдында ол туралы ақпаратты толық оқып шығу керек.

Сарапшының сөзінше, ол көбіне Android бағдарламалық жүйесінің иелеріне қауіпті болуы мүмкін.

«Егер сіздің рұқсатыңызсыз телефоныңыздағы баптаулар өзгеріп, қуаты тез бітіп, телефон қызып ақырын жұмыс істей бастаса, онда бұл ұялы телефоныңызға вирус кіріп кетті деген сөз. Сіздің аккаунтыңызға кіруге тырысу туралы хабарламалар түссе, ойлана бастау керек», – деді Насибулина.

РИА Новости

Leave A Reply

Your email address will not be published.