Сарыбеков семинарды онлайн өткізді

0 0

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Экономикалық дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның қазіргі ғылымы. Жас ғалымдардың зерттеулері» тақырыбында онлайн форматта ғылыми семинар өтті. Семинар жұмысына еліміздің және көршілес Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 100-ге жуық жетекші ғалымы қатысты.

Қашықтықтан өткен семинар жұмысын университет ректоры, Махметғали Сарыбеков жүргізіп отырды.

Пленарлық отырыс Назарбаев Университетінде Якор жобасының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор Н.Жакиевтің «Негізді шешім қабылдау үшін компьютерлік модельдеуді пайдаланудың маңыздылығы» баяндамасымен ашылды. Әрі қарай «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша PhD доктор, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің геологиялық факультетінің стажері Б.Жақыпбаев «Ресурс үнемдеуші технологияларды дамыту жағдайында көбікшыныкомпозитті материалдарды өндіруге арналған табиғи-минералды шикізаттың баламалы түрі» баяндамасын жасады. «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша PhD докторы, Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау технологиясы» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері А.Шоман «Экономикалық дағдарыс жағдайында ет шикізатының дәстүрлі емес түрін пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбында баяндама жасады. «Табиғи ресурстар Қазақстандағы экономикалық өсудің анықтаушы факторы ретінде» баяндамасын М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Химия» мамандығы бойынша PhD докторы М.Қалмаханова таныстырды. «Агроөнеркәсіптік кешен: Қазақстанның дағдарыс жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігі» тақырыбында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қауымдастырылған профессоры, менеджмент жөнінде PhD докторы Ж.Булхаирова баяндады.

Пленарлық отырысты «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша PhD докторы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің қауымдастырылған профессоры Қ.Алиханов «COVID 19 пандемиясы жағдайындағы санитарлық-гигиеналық іс-шаралардың рөлі» баяндамасымен түйіндеді.

Онлайн жүздесу соңында ғалымдар зерттеулер төңірегінде туындаған сұрақтарын жолдап, бір-бірімен пікір алмасып, нақты ұсыныстар қабылдады.

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың медиа-қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.