Сарысуда серпіліс бар

0 9

Облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков жұмыс сапарымен Сарысу ауданына барды. Махметғали Нұрғалиұлы алдымен Күйік – Қаратау – Жаңатас – Саудакент автожолына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Халықтың тұрмыс-тіршілігі тікелей жол сапасына байланысты екенін айтқан М.Сарыбеков аудан әкіміне құрылыстың сапалы жүргізілуін қатаң қадағалауда ұстауды тапсырды.

Аудандағы тағы да сапасы төмен Досбол – Шығанақ – Қамқалы – Жайлаукөл бағытындағы облыстық маңызы бар автожолы да күрделі жөндеуді қажет етеді екен. Жолдың жағдайын көзбен көрген облыстық мәслихат хатшысы қаржы бөлу мәселесі келесі жылы қарастырылатынын айтты.
Сонымен қатар йодталған ас тұзын өндіретін «СК Асыл тұз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне де арнайы ат басын бұрды. Зауыт 2018 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылған. Қазіргі таңда 55 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. 2020 жылы өндіріс орны 364 миллион теңге көлеміндегі 14 300 тонна өнім өндірген. Тұз өнімдері негізінен ел аумағында және Ресей мен Қырғызстанға сатылады. Ондағы негізгі мәселе – зауытқа
1,1 шақырым теміржол тұйығын тарту. Алдағы уақытта зауыт басшылығын көптен бері алаңдатқан мәселе «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қаралатын болады.
Жаңатас қалалық орталық қазандыққа да арнайы барған мәслихат хатшысы мекеменің бүгінгі жай-күйін зерделеді. Өткен қыста ақпан айында мазуттың сапасы төмендігіне байланысты қазандық істен шығып, қала 3 тәулікке жылусыз қалғаны есімізде. 2021 жылдың сәуір айында облыстық бюджетті нақтылау барысында мәслихаттың шешімімен орталық қазандықты табиғи газға ауыстыруға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 24 миллион 983 мың теңге бөлінді. Келесі жылы орталық қазандық табиғи газға ауысады деп жоспарлануда.
Бұдан бөлек №1 ықшам­аудандағы 120 пәтерлі №47, №1 ықшам­аудандағы 56 пәтерлі №15А көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Бүгінгі таңда аудан бойынша пәтер кезегінде 1 646 адам тұр. 2021 жылы қайта жаңғыртылған 3 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сонымен қатар «Үш алып» тұрғын кешенін, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназияны аралаған Махметғали Сарыбеков жұмыс сапарының соңында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясы Сарысу ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының орындалуы жан-жақты талқыланды.

Облыстық мәслихаттың аппараты

Leave A Reply

Your email address will not be published.