Жамбыл жаңалықтары

Сарысуда жел электр стансасы салынады

Written by Aray2005

Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек баламалы энергетика саласындағы жобаларды жүзеге асырғалы отырған «Жаңатас жел электр стансасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және «China Power International Holding» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Жиында тараптар серіктестік ұсынған жалпы қуаттылығы 100 МВт электр энергиясын өндіру жобасын талқылады. Инвесторлар аудан аумағындағы Түркістан ауылдық округінен жел электр стансасын салуды жоспарлап отыр. Жоба сәтті жүзеге асып жатса, жел электр стансасы 2020 жылдың ақпан айында қосылмақ. Әзірге электр қуатын бөлу кестесі әзірленіп, «КЕГОК» акционерлік қоғамының келісімі алынған екен.
Қазіргі таңда станса құрылысын жүргізуші бас мердігер компания ретінде анықталған Қытай Халық Республикасының «China Power International Holding» компаниясының жұмысшылары құрылыс алаңында дайындық және жобалау жұмыстарын жүргізуде. Жұмысшыларға қажетті контейнерлер қойылып, техникалар жұмылдырылған.

Дариха ҮМБЕТИЯРОВА,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы,
Сарысу ауданы

ПІКІР